Халықаралық интеграция

АҚШ астанасында Наурыз мейрамы тойланды

АҚШ астанасы Вашингтонда Наурыз мерекесіне арналған жыл сайынғы бесінші салтанатты гала-концерт өтті.
Әлемде23 Наурыз , 10:20

Іс-шараны "Наурыз комиссиясы" үкіметтік емес ұйымы мен осы көктем мерекесін тойлайтын елдердің Вашингтондағы дипломатиялық өкілдіктері, оның ішінде Қазақстан Елішілігі, ұйымдастырды.

"Наурыз Комиссиясын" құру және американ жерінде Наурызды кеңінен дәріптеу идеясы кезінде АҚШ-та Қазақстан Елшісі болған, қазіргі Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен белгілі кәсіпкерлер мен меценаттар Нассер Каземини мен Бижан Киянға тиесілі. Олардың бастамасы Наурыз мейрамын атап өтетін елдер елшіліктерінің де белсенді қолдауына ие болды.

Биылғы салтанатты кеште 500-ден астам Американың ресми тұлғалары, кәсіпкерлері, сарапшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Гала-кеш барысында қонақтар назарына «ТҮРІКСОЙ» түркі мәдениеті саласындағы халықаралық ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ұйымдастырған өнер шеберлері тобының концерті ұсынылды.

Шара қарсаңында 14 наурызда ҚР Елшілігі қолдауымен Д.Қасейінов Ақ үйде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Орталық Азия жөніндегі директоры Генри Устермен кездесу өткізіп, Президент Б.Обамаға ТҮРІКСОЙ-дың 20 жылдық мерейтойына орай арнайы сый табыс етті.




Яндекс.Метрика