Ұлтаралық бірлік

Көкшетаудың екі алаңында Наурыз мейрамы тойланды

Көкшетауда мерекелік шара екі алаңда өтті. Олар: Абылай хан және Тәуелсіздік.
Ақмола 22 Наурыз, 12:00

Облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, Наурызды тойлпу аясында қалаушылардың барлығы: «Бауырсақ шоу», флешмоб, Домбыра-party шараларына қатыса алды.

Сондай-ақ, спорттық бұқаралық шаралар, қазақша күрес, тоғыз құмалақ сынды ұлттық ойындар да ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік алаңында ұлттық тағам мен этномәдени ұйымдардың көріністері қойылды.

Облыс тұрғындары кешкі мерекелік концертте Көкшетау қаласының жастары мен студенттері дайындаған өнерді тамашалады.

 





Яндекс.Метрика