Білім беру

Шымкентте Индустриялды аймаққа кадр дайындайтын оқыту орталығы ашылды

Шымкентте «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы алғашқы арнайы мамандарды даярлау «Білікті маман» орталығының ашылды.
Оңтүстік Қазақстан22 Наурыз , 11:00

ОҚО кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, орталықтың басты ерекшелігі, онда дәріс алатын және қайта даярлаудан өтетін студенттер индустриалды аймақтағы мекемелерде іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.Іс-шара ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған. 

Аталған орталықта әрсалалы жоғарғы санатты оқытушылар дәріс беріп, оқыту кезінде соңғы үздік технологиялар қолданылуда. Арнайы интерактивті тақта арқылы дәріс алушылар барлық құрал-жабдықтарды теория жүзінде оқып, кейін кедергісіз индустриалды аймақтағы мекемелерде тәжірибе жүзінде меңгере алады.  «Мемлекетімізде жыл сайын «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында тұрғындарды арнайы кәсіптік оқытуға қыруар қаржы бөлінеді - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов. Дегенмен, бүгінгі таңда жұмыс нарығында күнделікті жаңашылдықтар мен өзгертулер пайда болуда. Осы сәйкессіздікті жою - бүгінгі ашылып жатқан орталықтың басты мақсаты болып табылады.  Дәріс алушылардың білім сапасын жетілдіру үшін, бұл жобаны біз «Білікті маман» оқу орталығынмен бірге жүргізуді шештік.

Оқу түрі - 20 астам техникалық мамандықтар бойынша жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда оқуға талапкерлердің саны 538  адам болып отыр».

Оқу мерзімі арнайы мамандыққа қарай 1 айдан 3 айға дейін созылады. Маман дайындалып жатқан мекеме басшылары бітіруші студенттердің білімін тексеру мақсатында сынақ комиссиясына мүше болады.  

 




Яндекс.Метрика