Ұлтаралық бірлік

Қ. Көшербаев қызылордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Наурыз мерекесінің негізгі шаралары бүгін облыс орталығында өтіп, оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Қызылорда 22 Наурыз, 10:30

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, орталық алаңға тігілген 30 қара үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Самарқанның көк тасы ерiген қасиетті күнінде Сыр жұртшылығы жетi түрлi дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татты. Төс қағыстырып, амандық сұрасты. Сәлемдесу, дүниеге келген балаға ат қою, шілдехена рәсімдері өткізілді. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев пен Қазақстанның Еңбек ері А.Ералиев кішкентай ұл мен қыздың тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің алғаш басқан қадамдарына сәттілік тіледі.

Жастар жағы қыз бен жігіт айтысын жасаса, жергілікті өнерпаздар сахналық көрініс арқылы жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын көріністер көрсетті.

Өңір басшысы жиылған жұртшылықты Әз-Наурыз мекересімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.Мереке аясында арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру, асық ату және тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорттық ойындардан сайыс өткізілді. Жарысқа қатысып, суырылып алға шыққан спортшыларға сый-сипаттары табыс етілді. Мереке онан әрі Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

 





Яндекс.Метрика