Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

24 желтоқсанда Мәскеуде «Алматы» стансасы ашылады

Елордалық метрополитеннің «Алматы» жаңа стансасы дүйсенбі, 24 желтоқсанда ашылады.
Әлемде23 Желтоксан , 00:00

Қазіргі уақытта стансаның ашылу салтанаты орай дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мәскеу мэрінің орынбасары Марат Хуснуллин жаңа станса ашу жұмыстары әдетте екі жарым жылға созылатынымен, бұл жолы тәулік бойы жұмыс жасап, бір жарым жылдың ішінде барлық шаруаның тындырылғанын айтқан.

Замоскворецкая желісін шаһардың оңтүстігімен жалғайтын «Алматы» стансасы Мәскеу метрополитенінің 187-ші стансасы болмақ. Турникет, жедел сатылар мен басқа да құрылғылар іске қосылған. Платформаға орындықтар, электрондық табло орнатылып, залдың орталығына инфомат қойылған. Екі вестибюльде де мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсатылар бар. 




Яндекс.Метрика