Мәдениетті жаңғырту

Наурыз мерекесін тойлау аясында Астанада 300 шара өткізу жоспарланған

Астанада Наурыз мейрамын тойлауды бұқаралық шаралар атқаруда.
Астана қаласы21 Наурыз , 14:00

Астанада Наурыз мерекесін тойлау аясында 300 шара өткізу жоспарланған. Елордада концерт, кездесулер мен қайырымдылық акцияларымен жалғасады.

Астанадағы мерекелік шараға қатысу үшін Павлодар, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері келді.

21 мен 25 наурыз аралығындағы мереке күндері қала қонақтары мен тұрғындарын мерекелік бағдарлама күтуде.

«Жастар» сарайында КТК фестивалі өтеді, сонымен қатар, «Нағыз қазақ - домбыра» филормониясының концерті де ұйымдастыралады. Конгресс-холлда Астана қаласының Мемлекеттік филормониясының қатысуымен ұлттық музыка концерті өтеді.

22 наурыз күні әкімдік алдында бұқаралық тойлау өтеді. Барлық қалаған адамдар келіп мерекелік концертті тамашалай алады.

 

 




Яндекс.Метрика