Инфрақұрылымның дамуы

Өскеменде бес жұлдызды қонақ үй ашылды

Бүгін Өскеменде "Dedeman Oskemen Tavros" бес жұлдызды қонақ үй ашылды.
Шығыс Қазақстан21 Наурыз , 13:30

"Dedeman Oskemen" қонақ үйі қаланың орталығында орналасқан. Жаңа қонақ үй бірден 185 адамды қабылдай алады. Құрылыс барысына төрт жарым млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Индустрия және туризм комитетінде хабарлады.

«Қазақстандағы туризм стратегиясы аясында бірқатар аймақта қонақ үйлер салынып, әлемдік қонақ үй жобасы ашылады. Атап айтқанда, Шымкентте ағымдағы жылы «Риксос Хадиша» қонақ үйінің құрылысы басталды. Астанада 2017 ЭКСПО көрмесіне дейін елу қонақ үй салынады. Қазіргі таңда әлемде әр түрлі дәрежедегі 16 млн қонақ үй бар. Әрбір бесінші қонақ үй осылардың жүйесіне тиесілі»,- деді Туризм және индустрия комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика