Өңірлер

Ақмола облысында жұмыссыз ауылдықтарды шағын бизнесті ашу негізіне оқытады

Ақмола облысында «Ауылдағы жұмыссыз азаматтарды қолдау» жобасын жүзеге асыру басталды.
Ақмола21 Наурыз , 12:00

Жоба ауыл халқын экономикалық белсенділікке тартуға бағытталған. Жоба бастамасын «Жасыл» экономика үшін және  G-Global дамыту» Коалициясы  болып отыр. «Әлеуметтік динамика» қоры мен облыстық ішкі саясат басқармасы да шетте қалмады.

Жобаның мақсаты «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру және «Нұр Отан» парьтясының Ақмола облысындағы платформасының сайлау алды мәселесін талқылау болып табылады.

Ауыл адамдарын қолдап, ақпараттандыру үшін Ақмола облысында екі тәжірибелік зерттеу кешені ашылды. Онда инновациялық мәдениетті дамыту және күн кептіру инновациясын қолдану жағдайы қарастырылады. Бизнесті ашуға үлгі ретінде мына әдістер қолданылады: органикалық шығындарды жою, өзін өзі жылытатын  жылыжайлар, суыру жүйесі, астық және көкөнәстік агромәдениетті дамыту, жемістерді кептіру.

Жоба аясында 2014 наурыз –шілде айларында Ақмола облысының жиырма ауылында 350 адамды қамтитын оқыту жоспарланған. 




Яндекс.Метрика