Халықаралық интеграция

ҚР Президентінің халықаралық ұстанымы «АТОМ» жобасы ядролық сынақтарды тоқтатуға бағытталған –К. Күйіков

Астанада ұйымдастырылған Халықаралық парламенттік конференцияда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «АТОМ» жобасын әлем жұртшылығының назарына ұсынған болатын. Бұл жоба жаппай қырып-жоюдың нағыз ошағы – ядролық қаруды сынақтан өткізуді мүлдем тоқтату мақсатында ғаламдық қолдау жинауға бағытталған еді, деп «АТОМ» жобасының құрметті Елшісі және суретші Кәріпбек Күйіков мәлімдеді.
Астана қаласы21 Наурыз , 10:30

 «21 ғасырда ең жаһандық проблемалардың бірі осы ядролық қару болып отыр. Мен көптеген ауруларды да, аналардың қайғысын да көп көрдім, ядролық қаруға қарсы қозғалыс менің барлық кездегі белсенді қызметіме айналды.  Ата-анамның достарының отбасында он бала туылды, олардың әрқайсылары радиациядан жәбір көрген еді, бірақ ата-аналары дүниеге келетін келесі сәбидің міндетті түрде дені сау болатындығына үміттенетін. Оладың үміттері ақталмады - бірінен кейін бірі, барлық он бала да шетінеп кетті. Бұл қайғыны көтере алмай, ақыры ана да бұл дүниеден өтті. Әке де қайтыс болды. Осындай адамдардың ауыр тағдырлары мені өмір сүруге және әрекет етуге итермеледі. Мен мұндай жағдай қайталанбау үшін бар күшімді жұмсауға ант еттім», - деді өз сөзінде К.Күйіков.

Жоба жаңа бастама болғанымен де оның түп-төркіні еліміз өз Тәуелсіздігін жариялаған сонау 1991 жылдармен тікелей байланысып жатыр.  22 жыл бұрын 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті дүниежүзіндегі төртінші алып сынақ алаңының біріне айналып отырған Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойған.

Жетпіс бес ел мен жиырма халықаралық ұйымның екі жүзден астам делегаты қатысқан «Ядролық қарусыздану мен әлемде ядролық сынаққа тыйым салу жөніндегі» халықаралық конференция елордамыз Астанада өткен жылы ұйымдастырылған болатын.

«"Атом" жобасы - Қазақстан Президентінің бастамасы. Оның таныстырылымы Нидерландыда өткен болатын. Бұл бастама ядролық сынақтардан бас тартып, ядролық қарусыз әлем құруды қолдауға бағытталған. Ғаламтор жүйесіндегі қарусыздануға қарсы петицияға әлемдегі кез-келген елдің азаматы қатыса алады. Жер шарындағы адамдар осы бастамаға үн қосып, құжатқа онлайн желіде қол қою мүмкіндігіне ие. Дүниежүзілік пошталық одақ мүшелері бұл таңбаға оң бағасын беріп, филателистер коллекциясында бағалы экспонаттар қатарына жататындығы және халықаралық қозғалыс белсенділері мен атомды бейбіт мақсатта қолдануды насихаттаушылардың зор қызығушылығын тудырғандығын айтады. Бұл дегеніміз, біздің Президентіміздің көтерген бастамасы әлем жұртының зор қолдауына ие болды дегенді білдірсе керек. Әлемдегі әрбір азамат ядролық қарусыздануды қолдайды», -деді К. Күйіков. 




Яндекс.Метрика