Өңірлер

Б. Жәмішев Оңтүстік Қазақстан облысындағы БЖК -2020 жобаларымен танысты

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Оңтүстік Қазақстан 21 Наурыз, 11:00

ӨДМ хабарлағандай, Шымкент қаласында Министр «Оңтүстік» индустриалды аймағын қарап шықты, ол 2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде құрылған болатын. Индустриалды аймақтың (ИА) аумағында жалпы сомасы 46 млрд. теңгеге шамамен 6 мың жаңа жұмыс орындарын құрумен 63 жоба іске асырылуда.  Қазіргі уақытта 13,8 млрд. теңге сомаға        31 жоба іске асырылды және 2 300 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар, «Оңтүстік» индустриалды аймағы аумағында Болат Жәмішев «Spirit Kazakhstan» ЖШС,  «ЮгРегионПласт» ЖШС,  «Ferrum Vtor» ЖШС, «Фирма Дана» ЖШС және «HILL Corporation» ЖШС-да болып, онда аталған кәсіпорындардың шығаратын өнімдерімен танысты.

 Одан әрі облыс әкімдігінде Министр Қазақстан Республикасы өңірлерімен индустриалды аймақтарды дамыту және қаржыландыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Сонымен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде Министрлік ағымдағы жылы 3 облыста                15 индустриалды аймақтарға қаржы бөлді, олар: Ақтөбе облысында 1 ИА, Қызылорда облысында 4 ИА және Оңтүстік Қазақстан облысында 10 ИА. Агроөнеркәсіп аймақтарын құру бойынша жұмыстарды қорытындылай келе, мұнда шағын және орта бизнес дамитындығын Министр үлкен жобалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының қолдау шараларымен іске асырылуы қажет екенін, ал шағын жобалар агроөндірістік аймақта кластер ретінде дамитындығын атап көрсетті. 

  Кеңесті қорытындылай келе, Министр облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдеріне Министрлікке ағымдағы жылғы 1 сәуірде әр облыстардағы индустриалды аймақтарды құру бойынша  бюджеттік өтінімдерді жолдауды тапсырды. Олар тиімділігі бойынша қарастырылатын болады.

Күннің екінші жартысында Болат Жәмішев «Golden Nomad» ЖШС-ның ерлерге арналған классикалық костюмдер тігетін тігін цехына барды. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде кредит бойынша пайыздық ставкалармен субсидиялау түрінде іске асырылды.

 Одан әрі Министр дискілік айналдыратын ысырмалар өндіретін «KARLSKRONA LC AB» ЖШС зауытына және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын «Экофарм» ЖШС зауытына барды.

Сонымен қатар, Болат Жәмішев Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты, онда кәсіпкерлерге құжаттарды рәсімдеу және рұқсат құжаттарды беру, жобаларды қаржыландыру және консалтингті оқыту бойынша қызметтер көрсетіледі.

Мұнда Министр әкімдердің орынбасарларымен, жер қатынастары басқармаларының және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумақтық жер инспекцияларының жетекшілерімен жер қатынастары және құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар жер ресурстарын тиімді пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды одан әрі арттыру, ауылшаруашылығы айналымына тартылған  ауылшаруашылығы жерлеріне тиімді түгендеу жүргізу мәселелерін, сонымен қатар, жер заңнамасы саласындағы негізгі заңнамалық бастамашылдықты талқылады.

Болат Жәмішев кеңестің қорытындысы бойынша кездесу барысында  дайындалған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар жер заңнамасын жетілдіруде ескерілетінін атап көрсетті.





Яндекс.Метрика