Мәдениетті жаңғырту

Алматыда Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған киноконцерт өтті

Алматыда кино және театр актері, режиссер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған киноконцерт өтті. Шараға қазақстандық киноматографияның жұлдыздары қатысты.
Алматы қаласы21 Наурыз , 12:30

Алматы әкімі қазақстандық киноматографияның дамуы тікелей Шәкен Аймановпен байланысты екенін атап өтті. Киноның негізін ол қалаған болатын.  «Біздің дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар Көсе», «Әкелер жері», «Атаманның ақыры» сынды туындылар алтын қорға айналды.

«Он жылға атаман уақыт ішінде Алматыда ТМД мен Орталық Азиядағы маңызды шара «Шәкен жұлдыздары» өтеді. Ол маңызды шара ғана аталып қоймай, қазақ киносын таныстыратын халықаралық дәрежедегі кинофорумға айнналды»,-деді А. Есімов.

Алматы қаласының әкімдігінде хабарлағандай, Шәкен Аймановтың 100 жылдығын тойлау барысында қалада бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оның құрамында Қазақ киносының музейі мен 10-шы «Евразия» халықаралық кинофестивалін өткізу де бар.

 

 

 




Яндекс.Метрика