Білім беру

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ТМД елдерінің сыйлығын иеленді

ЕҰУ Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесі 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі байқаудың жеңімпазы атанды.
Астана қаласы21 Наурыз , 10:00

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көрсету» аталымы бойынша Қазақстан Республикасындағы жоғары сапалы білім беруде 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі табыстары үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты атанды.

ЖОО баспасөзі хабарлағандай, жеңімпаздарды Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина секілді ТМД елдерінің он бір мемлекеті анықтады.

Ерекше атап өтер жайт, бұл аталым аясында Қазақстан мемлекетінің жоғары білім беру ордасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен басқа ТМД-ның бірде бір жоғары оқу орны жоқ.

Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі сыйлығы екі жылда бір рет конкурстық негізде өткізіледі, оның ішінен бірнеше мәрте сараптауда, үздіктер арасындағы сүзгіден өткен үздіктері марапатталады. Ол – Еуразия ұлттық университеті!

Соңғы жылдары білімге қатысты жан-жақты шараларды қамти отырып, ТМД тауар өндірушілерден өз өнімдерінің, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін көтеріп, орынды талапты алға тартып келеді. Кез келген мәселеде бәскелестік бірінші орынға шығып отырған қазіргі заманда бұндай талаптың болуы заңды да. Басқасын айтпағанның өзінде, ең алдымен шәкірттер жоғары сапалы білім алуға құқылы әрі солай болуы да шарт. Ал білім саласы қай мемлекеттің болмасын маңызды мәселелерінің бірі.

 

 




Яндекс.Метрика