Өңірлер

Павлодар облысында шағын қалаларды дамыту үшін 2014 жылы 2,6 млрд теңге бөлінді

2014 жылы Павлодар облысының шағын қалаларын дамытуға 2,6 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінген.
Павлодар20 Наурыз , 15:10

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев кеңес өткізіп, онда Ақсу мен Екібастұз сияқты екі шағын қаланың проблемалары мен оларды дамыту перспективалары талқыланды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында Екібастұз бен Ақсу қалаларын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарлары қабылданған болатын.

Кеңес соңында аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Ақсу мен Екібастұздың әкімдеріне «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы есебінде шағын қалалардың инженерлік инфрақұрылымын, қалпына келтіруді, сумен және жылумен қамтуды және жолды жөндеуге, ауыз су сапасына баса назар бөлуді тапсырды.

 

 




Яндекс.Метрика