Халықаралық интеграция

Беларусь Елшісі А.Ничкасов пен сенатор Б.Әйтімова Қазақстанда толық циклді біріккен өндіріс ашудың болашағын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламені депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова мен Қазақстандағы Беларусьтің Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовамен кездесті.
Астана қаласы20 Наурыз , 15:00

Сенаттың хабарлауынша, тараптардың кездесуі барысында Қазақстанда Беларусь мәдениеті күндерін өткізу мәселесін талқылап, Қазақстанда толық циклді біріккен өндіріс ашудың болашағын әңгімеледі.

Сенатор А.Ничкасовтың белсенді дипломатиялық қызметіне жоғары баға бере келіп, Парламенттің ағымдағы жұмысынан хабар беріп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, юір болашақ» Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету аясындағы қабылданып жатқан заң туралы айтты.

Сонымен қатар парламентаралық байланыс жөніндегі екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйіне тоқталды. Екі елдің заңнамалық органының өзара байланысына жоғары баға беріліп, әріптестік комиссиясының еңбегіне тоқталды.




Яндекс.Метрика