ҚР ИИДМБ

Қызылорда облысында бизнесмендерге өндірісті экспортқа бейімдеуді үйретуде

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазЭкспортГарант» Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қызылорда20 Наурыз , 14:27

Рalata.kz хабарлауынша, қол қойылған Келісім аясында  аймақтың кәсіпкерлері «ҚазЭкспортГарант»  Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ көрсетілетін қызметтер бойынша консультация ала алады және Қызылорда облысынан шықпай-ақ жоба толығымен бірлесе жүргізілді.

Жоспар бойынша ынтымақтастықтың нәтижесі ретінде  бірлесіп үйрететін семинар тренингтер облыс кәсіпкерлері үшін жүргізіледі. Сонымен қатар, Қызылорда облысының ҚР-на және шетелге экспорттаушылары туралы ақпарат таратылып, аталмыш аймақта жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың қызметіне мониторинг жүргізу  болып табылады.

«Келісім аясында облыстың кәсіпкерлері мен кеңес берушілеріне арналған семинарлар, тренингтер мен біріккен оқыту шаралары өткізіледі. Тұрақты түрде өңір кәсіпкерлеріне экспорттық бағыттағы корпорация өнімдері туралы кеңестер беріледі», - дейді қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Айта кету керек, «ҚазЭкспортГарант» секілді мұндай институттың қолға алынуы облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға кепіл болады.

«Қазіргі таңда «ҚазЭкспоГарант» экспоттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ - өз өнімдерін шет елге тасымалдағанда қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдерін сақтандыратын жалғыз сақтандыру корпорациясы болып табылады. «Саудалық қаржыландыру» бағдарламасын іске асыру уақытында ҮИИД МБ аясында ҚР бойынша 5 млрд теңгенің 122 жобасына қолдау көрсетілді», - дейді кездесу барысында Сақтандыру корпорациясының басқарма төрағасы Еркін Садықов.




Яндекс.Метрика