Өңірлер

С. Ахметов ҚР Президентіне елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовпен кездесу өткізді.
Астана қаласы20 Наурыз , 14:17

Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында С.Ахметов еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, одан арғы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 




Яндекс.Метрика