Инфрақұрылымның дамуы

2014 жылы ҚР автожолдарын дамытуға 208 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді – ККМ

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында 2014 жылы ҚР автожолджарының дамытылуына 208 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төраға орынбасары Сатжан Әбілалиев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 20 Наурыз, 11:40

«Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының дамытылуына бюджеттен 308 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазірге дейін материалдарды дайындау мен техниканы мобильдендіру бойынша жұмыстарды компаниялар бастап кетті», - дейді төраға орынбасары.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, комитет автомобиль жолдары бойынша бірқатар шараларды іске асырады.

«Бірінші кезекте бұл жоба «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің қалпына келтірілуі болып табылады. Қазірге ол жерге құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп бөлігі қазір аяқталып қойды. Қозғалыс басталып кетті. Өткен жылы 810 км пайдалануға берілді. Биыл 157 шақырымды іске қосу жоспарланып отыр», - дейді Әбілалиев.

Жалпы, Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының айтуынша, аталмыш жоба толықтай қаржыландырылған, енді 2015 жылдың соңына қарай жоба аяқталмақ.





Яндекс.Метрика