Адами капитал

Таразда әскерге шақыру мәселелері талқыланды

Тараз қаласында әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Іс-шаралар барысында 2013 жылғы әскерге шақыру қорытындыланды және алдағы көктемгі шақыру шаралары бойынша тапсырмалар қойылды.
Жамбыл20 Наурыз , 11:30

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, іс-шаралар Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің базасында өтті. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтарға ҚР ҚК әскер түрлері жасақтау басқармаларының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, Астана, Алматы қалаларындағы және облыстық әкімшіліктеріндегі әскерге шақыру комиссиясының төрағалары, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының психологтары мен өкілдері сынды мерзімді әскери қызметке жауапты лауазымды адамдар тартылды.

ҚР ҚМ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы полковник Бақыт Мұхамеджанов «Қазақстан жолы - 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшының қатысуымен өткен жедел-стартегиялық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуына назар аударды. 

Аталған іс-шаралар аясында «Ақ Сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешені таныстырылды. Ол 2014 жылғы әскер қатарына шақырушыларды психологиялық тексеруде қолданылатын болады. Бұл кешенді жасап шығарушылар оны қолдану бойынша психологтармен практикалық сабақтар өткізді. 

Өз кезегінде көрсетілім сабақтары өткізіліп, әскерге шақыру комиссиясы жұмыстарының ұйымдастырылуы жария етілді. 

2013 жылдың қорытындысы бойынша Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері жоғары және сапалы көрсеткіштерімен ерекше аталып өтті.  

Өткен жылда әскерге шақырушылармен жұмыс жасауда кәсіби шеберлік танытқандары үшін үздік мамандар Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабы бастығының грамоталарымен марапатталды.




Яндекс.Метрика