Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекет басшысы 2013 жылдың соңына дейін электрондық коммерция туралы заң шығаруды Үкіметке тапсырды

2013 жылдың соңына дейін электрондық коммерция туралы заң шығару қажет, деді Үкіметке берген тапсырмасында Мемлекет басышы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында.
Казахстан10 Сәуір , 00:00

«Серік Нығметұлы, бұл мәселені қолға алу керек. Жылдың соңына дейін электрондық сауда және интернет сауданың салалық дамыту жоспары туралы заң жобасын әзірлу қажет», - деді Н.Назарбаев ҚР Премьер-Министріне айтқан сөзінде. 

Мемлекет басшысы айтып кеткендей, «2012 жылы қазақстандықтар 1,5 млрд доллар шамасындағы сомаға электрондық сауда-саттық жасаған. Осы сауда түрінде болашақ барына сенімдімін».

«Интернет коммерция – бұл жаһандық тренд. Алайда, электрондық коммерция көлемі Қазақстандағы жалпы көлемнің бар-жоғы 0,5%-ын құрайды», - деді Президент. 

Н.Назарбаев қортындылап айтып кеткендей, Қазақстандағы электрондық сауда сегментінің әлсіздігі 2 себеппен байланысты: отандық интернет-ресурстардың тиімзі дамуы мен элекртондық коммерция туралы заңның болмауы.




Яндекс.Метрика