Халықаралық интеграция

ҚР Сыртқы істер министрі ҚХР-на ресми сапармен барды

Биылғы жылдың 19-20 наурызында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.
Әлемде20 Наурыз , 11:00

ҚР сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сапар барысында Ерлан Ыдырысов ҚХР Төрағасы орынбасары Ли Юаньчаомен, Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесіп, «Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбында Қытай халықаралық мәселелер институтында академиялық топ өкілдерінің алдында баяндама оқыды.

ҚХР ресми тұлғаларымен кездесу барысында саясат, сауда-экономика мен мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелер тақыланып, Украинадағы жағдайды да қоса отырып жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі айтылды.  

Тараптар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен арадағы жыл бойғы өткен бес кездесудегі қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін бұдан ары тереңдетудің жоғарғы деңгейіндегі тұрақты саяси диалогтың маңызы айтылды.

Екі жақты байланысты тереңдетудің жаңа серпіні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапарына ұштасып, сонымен қатар оның Азиядағы сенім мен өзара ықпалдастық шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысуы қарастырылды.

Биыл мамыр айында Шанхайда өтетін Азиядағы сенім мен өзара ықпалдастық шаралары кеңесініңкезеңті Саммиті барысында 1992 жылы қолға алынған Кеңеске төрағалықты тапсыру орындалады. Мемлекет басшысы оның Түркия тарапынан Қытайға тапсырады. Е.Ыдырысов өз кезегінде аталмыш шараға Қытайдың өз деңгейінде төрағалық ететініне сенім танытты.

Сонымен қатар,  2014 жылы екі елдің Үкімет басшыларының сапарлары жоспарланып, жоғарғы деңгейдегі өзге де кездесулер болмақ.




Яндекс.Метрика