ҚР ИИДМБ

2014 жылы Жамбыл облысында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 жоба іске асырылады

2014 жылы Жамбыл облысында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы құны 25,3 млрд теңге болатын 9 жоба іске асырылады.
Жамбыл20 Наурыз , 09:30

Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаев өңірдік өнеркәсіптік кәсіпкерліктері жетекшілерімен жиын өткізді. Жиын барысында ҮИИД бағдарламасының іске асырылуы мен облыстағы кәсіпкерліктің даму мәселесі талқыланды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, биыл өңірде 25,3 млрд теңгенің 9 жаңа жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл Талас ауданындағы жылына 15 000 тонна өндірістік қуаттылыққа ие 10,560 млрд теңгенің цианид натрий өндірісі. Мұнда шамамен 255 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар Қордау ауданында 6,4 млрд теңгенің 21 МВт қуаттылыққа ие ЖЭС іске қосылып, Жамбыл ауданында 2,6 млрд теңгеге жылына 1757 тонна өнім беретін ет өңдеу комбинаты ашылады. Сонымен қатар Қордай ауданында жылына 500 кг қуаттылыққа ие 2,1 млрд теңгенің алтын өңдеу зауыты ашылады.

Ауыл шаруашылығы саласында да жобалар қолға алынады. Атап айтар болсақ олар Байзақ ауданындағы 1,7 млрд теңгенің 3 000 тонна қуаттылығы бар құс еті өндірісі мен Мойынқұм ауданындағы 1200 тонналық қуаттылыққа ие 600 млн теңгенің балық өңдеу комбинаты. Сонымен қатар Шу ауданында да 500 млн теңгеге мия тамырын терең өңдеу жобасы да жоспарланып отыр. Бұл жоба Жапон инвесторларымен бірігіп жүргізілмек.

Биыл Таразда неміс технологиясымен үй құрылысы комбинаты ашылады, оның құны 500 млн теңге.

Бұлардан бөлек ҮИИД МБ бойынша Таразда алюминий радиаторлары өндірісі басталады. Бұл жобаның құны 300 млн теңгені құрайды.

Жалпы, биыл Жамбыл облысында ҮИИД МБ аясында 1114 адам жұмыспен қамтылмақ.




Яндекс.Метрика