Ұлттың денсаулығы

С. Қайырбекова: Медициналық көмек ең алдымен пациенттерге бағдарланған болуы керек

ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова Павлодар облысына жұмыс іссапарының барысында облыстық диагностикалық орталыққа барды, онда Орталықтың қазіргі заманғы зертханалық зерттеу жұмысымен танысты.
Павлодар20 Наурыз , 10:15

Ведомствода хабарлағандай, орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде, Министр зертханалық зерттеулерді орталықтандыру,  жүргізілетін талдаулардың сапасын жақсарту және жасалатын зерттеу жылдамдығын ұлғайту, зертханалық зерттеулердің кең спектрін, бір жерде қымбат тұратын, сирек жасалатын талдауларды жасау, білікті кадрларды бір зертханаға жинақтау  сияқты  бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті7

 Орталықтандырудың маңызды буыны зертханалық ақпараттық жүйені орнықтыру болып табылады.

Әңгімелесу кезінде  С.З. Қайырбекова  өзінің әріптестерінің назарын мамандардың білімін жоғарылату үшін көшпелі мастер-кластарды ұйымдастыруға аударды.  Осындай мастер-класс өткізу медицина қызметкерлерінің біліктілігін жұмысқа кедергі келтірмей, өңірден тысқары жерге шықпай-ақ  жұмыс  орнында жоғарылатуға мүмкіндік береді. 

Барлық қабылданып жатқан шаралар халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.




Яндекс.Метрика