Мәдениетті жаңғырту

Алматы ресми түрде 2014 жылғы Достастықтың мәдени астанасы атанды

Алматыда «Алматы-Достастықтың мәдени астанасы» шарасы аясында бірқатар шаралар тізбегі басталды. Ол «Мәдени астаналар» мемлекетаралық бағдарлама аясында жүзеге асқан. Аталмыш сертификатты қала әкімі Ахметжан Есімовке ГБХҚТ Михаил Швыдко берді.
Алматы қаласы20 Наурыз , 09:00

Қала әкімдігінде хабарлағандай, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында біздің қаламыздың 2014 жылы «Алматы – Достастықтың мәдени астанасы» атануына орай алғашқы мәдени шаралар салтанатты түрде ашылады. Оған қоса, «Алматы - Достастықтың мәдени астанасы» аталуына байланысты 2014 жылы жүзеге асатын шаралар жоспарына қол қойылды.

Сондай-ақ, Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен гуманитарлық байланыстың Халықаралық қорының Төрағасы Михаил Швыдкой 2014 жылы «Алматы – Достастықтың мәдени орталығы» атты құжатқа қол қойды.

 Құжат «Достастықтың мәдени астаналары» Халықаралық бағдарламасы аясында жасалған.Кездесу барысында қала әкімі Алматы Қазақстанның мәдени орталығы екендігін жеткізді.

«Біз үшін Алматының Достастықтың мәдени орталығы болып таңдалғаны өте маңызды. Қаламызда 230 мәдени ұйымдар бар. Олар - 20 мұражай, 14 көркемдік галерея, 19 театр, 27 концерттік және мәдени - сауық орталықтары», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде МФГС Төрағасы Алматы ғажап қала деді.

«Біз мегаполиске үлкен қызығушылық танытамыз, Алматы жыл сайын құлпырып келеді. Сондықтан да сіздердің қала Достастықтың мәдени орталығына айналды», - деді Михаил Швыдкой.

 




Яндекс.Метрика