Ұлттың денсаулығы

Түркістанда жекпе-жек спорт түрлерінің кешені ашылды

Бүгін Түркістанда «Тарлан» әмбебап жекпе-жектік спорт түрлері дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсімі өтті.
Оңтүстік Қазақстан19 Наурыз , 17:55

Замануи құрылғылар мен инвентаримен жарақтандырылған мұндағы арнайы спорт залдарында бокс, күрес, дзюдо, таэквондо мен ауыратлетика секциялары жұмыс істейтін болады.

Қазақстандық бокс федерациясының хабарлауынша, аталмыш спорттық нысандар уақыт өте келе барлық өңірлерде бой көтеретін болады.

Шілдеде Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар биыл тағы екі облыс осы істі қолға алмақ.

Мұның бәрі өңірдің жағдайына қарамастан жеңіл тасымалданатын базалық модель болып табылатын барлық қажетті құрылғылармен жарақтандырылған спортық кешен жобасын қолдануға негізделген тұжырымдама арқасында мүмкін болып отыр. Бұл әдіс жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезеңіндегі ресурсты тиімді пайдалануға жол ашып қана қоймай, сонымен қатар құрылыс уақыт айтарлықтай қысқартады. Мысалға, Түркістандағы аталмыш кешен 12 айда салынған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық бокс федерациясының демеушісі «ҚазМұнайГаз» ҰК болып табылады.




Яндекс.Метрика