Мәдениетті жаңғырту

ҚХА ҚР-да бейбітшілік және жайлылық жағдайын орнатуда - З.Саяпова

Қазақстан халқы Ассамблеясы этнос аралық және конфессия аралық қарым қатынаста бейбітшілік пен жайлылық жағдайын орнатуда, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова.
Астана қаласы 19 Наурыз, 17:43

«Қазақстан халқы ассамблеясы этнос аралық және конфессия аралық қарым қатынасты орнату - Қазақстан республикасының табысты даму кепілі екенін дәлелдеді. Н. Назарбаевтың қазақстандық этнос аралық толеранттылық үлгісі туралы ұсынысы барлық әлем қоуымдастығы үшін эталонға айналды.  Шет мемлекеттер ҚХА этнос аралық толеранттылық тәжірибесі бойынша көп жүгінеді. Егер, батыста толеранттылық саяси әдептілік болса, Қазақстанда ол халықтың менталитеті», - деді З. Саяпова.

«Қазақстан халқы ассамблеясы этнос аралық және конфессия аралық қарым қатынаста бейбітшілік пен жайлылық жағдайын орнатуда. Алдағы уақытта біз Елбасымыздың Қазақстан халқының бірлігімен байланысты  барлық тапсырмалары мен міндеттерін жүзеге асыруға атсалысатын боламыз», -  деп ол толықтырды.

Айта кетерлік жайт, Елбасының жарлығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясы 2014 жылдың 18 сәуіріне белгленді.





Яндекс.Метрика