G-global

Астанада алғаш рет G-Global Халықаралық журналистика саммиті өтеді

2014 жылдың 20-23 мамырында Қазақстанда VII Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылатын «G-Global» халықаралық журналистика саммиті өтеді.
Астана қаласы19 Наурыз , 17:24

Саммитте әлемдік дағдарыс кезіндегі журналистиканың рөлі, медиадағы инновация мен технология, ақпарат берудің жаңа әдістері мен экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істеудегі қолданыстағы құралдар туралы мәселелер көтеріледі.

Шараға атақты медиа-тұлғалар, блогерлер, халықаралық медиа холдинг өкілдері мен индустрияның ғылыми тұлғалары қатысады.

Ашық диалогтық алаңда экономикалқы және қаржылық тақырыпқа бағытталған заманауи журналистиканың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылап, дағдарысқа қарсы ақпараттық саясат ағымы мен актуалды трендтер туралы мәселелер талқыланбақ.  

Халықаралық журналистика саммитінің күтіліп отырған шараларының бірі әлемдік журналистикаға үлес қосатын «Экономикалық мәселелерге қатысты материалдарды берудің инновациялық және жаңа медиа технологиясы» тақырыбындағы «G-Global» сыйақысы болмақ.

Байқау қорытындысы бойынша, әлемдік қауымдастықтың экономикалық мәселелеріне арналған аудитория қызығушылығын тарту мен таныстыруды қарапайымдатуға мүмкіндік беретін бағдарламалар, құралдар мен жаңа технологиялар арқылы экономикалық ақпаратты өзінше беруді негіз еткен үздік журналистік жоба анықталмақ. Жеңімпаз марапаттау рәсімінде 15 мың доллар сыйақы алмақ.

Сонымен қатар саммит аясында «Шекарасыз ақпарат» халықаралық медиа-көрмесі өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар ҚР Үкіметі, «G-Global» коммуникатиыті бағдарламасы, «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы мен «Success K» медиа агентігі болмақ. 




Яндекс.Метрика