Ұлтаралық бірлік

Қазақстанда «Болашаққа естелік» жобасы жалғасуда – Е.Тоғжанов

Саяси репрессия құрбандарына арналған «Болашақ атына естілік» жобасы биыл да жалғасын табатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісі-төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Астана қаласы19 Наурыз , 17:01

«Жоба міндетті түрде жалғасын табатын болады. Өздеріңізе де білесіздер, бұл үрдіс 4 жылдан бері келе жатыр. Алғашқы жылы Ақмола облыстық халық жаулары әйелдерінің лагеріне (АЛЖИР) арналса, екінші жыл Қарағанды түзету-еңбек лагерінде (ҚарЛаг) өткізілді. Ал үшінші жыл көптеген халықтардың жер аударылған Алматы облыстық Үштөбеде өтсе, төртінші жылы 7 мыңдай адамның атылған Оңтүстік Қазақстандағы Қайтпасқа назар аударылған», - деді Е.Тоғжанов.

Оның айтуынша, биыл шараны 31 мамырда қолға алу жоспарланған.

«ҚХА басты міндеттемесі – қоғамдық және ұлтаралық келісім мәселесі бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау болып табылады. Соның бірі қоғамдық ұлтаралық келісімді еліміздің өңірлеріне де жеткізу болммақ. Біз әр өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттық топ құрдық. Өңірлерде олар мәслихат депутаттары базасында құрылды», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель.




Яндекс.Метрика