Мәдениетті жаңғырту

«Алматы - Достастықтың мәдени астанасы» Жылының іс-шаралар жоспары бекітілді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Мемлекет аралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры басқармасының тең төрағасы Михаил Швыдко «Алматы - мәдениет астанасы Достастығы» Жылының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Алматы қаласы19 Наурыз , 16:52

Алматы қаласы әкімдігінен хабарлағандай, құжат «Мәдениет астаналарының достастығы» мемлекетаралық бағдарлама шеңберінде қол қойылды.

«Біз үшін Алматы қаласының Достастықтың мәдени астанасы ретінде таңдалып алынғаны маңызды. Біздің қаламызда 230 мәдени ұйым жұмыс істейді. Олардың ішінде 20 мұражай, 14 көркем өнер галереясы, 19 театр, 27 концерттік және мәдени, ойын-сауық ұйымы бар», - деді қала басшысы.

Өз кезегінде, МГЫҚ тең төрағасы атап өткендей, Алматы - ғажап қала.

«Бізге мегаполис қатты ұнады. Біз Алматы шаһарының қаншалықты жақсы жаққа өзгеріп келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтанда қала Достастықтың  мәдени астанасы болды», - деді Михаил Швыдко.

Естеріңізге сала кетейік, А.Құнанбаев атындағы мемлекеттік опера және балет театрында 2014 жылдың «Алматы - Достастықтың мәдениет астанасы» іс-шарасының шымылдығы түріледі.




Яндекс.Метрика