Білім беру

«Нұр Отан» партиясының сараптама тобы ҚР мектептерінде инклюзивті оқытуды енгізу мәселесін талқылады

Бүгін «Нұр Отан» партиясы сайлауалды платформасының «Білім мен ғылым» бағыты бойынша сараптама тобының отырысында мектептерде инклюзивті білім беруді енгізу мен техникалық және кәсіби білім беру ұйымадрындағы дуалды оқыту мәселесі талқыланды.
Астана қаласы 19 Наурыз, 16:40

«Инклюзивті оқытудың бар мәні мүмкіндігі шектеулі балалардың сау балалармен бірге білім алуына жағдай жасау. Өздеріңізге де белгілі, Астанада инклюзивті оқытудың қанатқақты жобасы аясында №65 мектеп қызу іске кірісіп кетті. Мектептерде балалардың кедергісіз ғимаратқа кіру, лифтке еркін кіруге жағдай жасау мен арнайы парталар және дене шынықтыру сабақтарына арналған арнайы арбалар қарастырылған», - дейді мектеп гимназиясының директоры Сәуле Теменова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шынығу құрылғылары мен хауызбен жабдықталған емдік-сауықтыру жағдаын құрып, ұстаздарға қосымша ақы төлеп, инфотакси қызметін жандандыру крек.

Жалпы, директордыың мәліметінше, инклюзивті оқытуды қолға алған мектептердің қызметін реттейтін нормативті-құқықтық базаны дайындау керек.

Дуалды оқытуға келер болсақ, ол өз кезегінде оқумен қаар шәкірттердің өндіріс орындарында тәжірибемен ұштастыруға да жағдай жасап, кәсіпкерліктердің техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдардың қызметіне араласуға жол ашады.

Айта кету керек, қазіргі таңда дуалды оқыту 176 техникалық және кәсіби оқыту мекемелерінде енгізілген.





Яндекс.Метрика