Адами капитал

«Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық шақ» - «Счастливое детство» жобасын іске қосады

Астанада «Нұр Отан» партиясының сайлау алды платформасының «Білім және ғылым» бағыты бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті.
Астана қаласы19 Наурыз , 16:20

Келелі отырыс барысында  жетім қалған және ата-ананың қарауысыз қалған балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған партиялық жоба «Бақытты балалық шақ» - «Счастливое детство» қаралды.

«Жоба шеңберінде жетім  және ата-ананың қарауысыз қалған балалардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша шаралар жүргізіледі. Қызығушылық танытып отырған барлық тараптар қосылып бала асырап алғандар мен соған ниет танытып отырғандардың қордаланған проблемасын шешетін болады», - деп «Нұр Отан» партиясының хатшысы  Эльдар Сыздықов толықтырды.

Оның айтуынша, бала асырап алуды оңтайландыру және насихаттау, асырап алушыларды іріктеу және кезең-кезеңімен дайындау, сонымен қатар қоғамда өз баласынан бас тарту оқиғаларын төмендету - жобаның басты бағыттары.

 




Яндекс.Метрика