Халықаралық интеграция

Қазақстан ТМД туристік индустриясын дамыту форумына қатысты

Қазақстандық делегация достастық елдерінің «ТМД және өзара әрекет форматы» халықаралық экономикалық форумын өткізу аясындағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің Туризм кеңесінің отырысына қатысты.
Әлемде19 Наурыз , 16:00

Форум аясында ТМД-да туристік индустрияны дамыту бойынша «2014 жыл – ТМД-дағы Туризм жылы» секциясы өтті.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, шара барысында туристік инфрақұрылымның даму мәселесі, туристік өнімді бірлесіп ілгерілету, трансшекаралық және өңіраралық әріптестік, туристік индустрияға маман дайындау, туризмнің іскерлік және де өзге салаларының дамуы мен құқықтық реттеу мәселелері көтерілді.

ТМД-дағы туристік индустрияны дамыту форумында ТМД-да бірлескен ғылыми жаңалықтар мен зерттеулерді дайындау жүйесін қолға алу туралы ұсыныстар айтылып, ТМД-ның шекаралас аумақтарындағы туристік нысандарды аралауға рұқсаттама алу процедурасын қысқарту туралы, ТМД конгресс-бюросы секілді институтты іске қосу мен экологиялық және өзге де туризм түрлерін дамыту бойынша ТМД Туризм кеңесі аясындағы координациялық органдарды (жұмыс топтарын) құру мәселесі көтерді.

 

 




Яндекс.Метрика