Ұлтаралық бірлік

ҚХА барлық аймақтардағы достық үйлерін дамыту бойынша қабылдау үшін қаулы дайындады - Е.Тоғжанов

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық аймақтардағы достық үйлерін дамыту бойынша қабылдау үшін қаулы дайындады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылықтың меңгерушісі Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Астана қаласы19 Наурыз , 15:30

«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының тақырыбы - «Стратегия «Қазақстан-2050»: әлем мәдениеті, руханият және бірлік», бұлардың әрқайсысы өз алдына маңызды тақырыптар. Әлем мәдениеті -  бұл тақырыпты Елбасы тәуелсіздік алғаннан басты назарға алды», - деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, басты мәселе Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерей тойына дайындық.

«Осының аясында көптеген мәселелерге назар аударылды, сонымен қатар, ҚХА дамыту тұжырымдамасы бойынша бірыңғай жоспар жасалды және бірлік доктринасы аясында құрылған шаралар жоспары жасалды, олар    2014 жыл бойы жұмыс істейді. Үкіметтің барлық аймақтардағы достық үйлерін дамытуға арналған қаулысы дайындалды. Онда аймақтық құрылымдардың жұмысына басымдылық берілген және барлықтарына бірыңғай ортақ жұмыс құрылымын енгізу қарастырылған», - деп ол толықтырды.

Айта кетерлік жайт, мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясының отырысы 2014 жылдың  18 сәуіріне жоспарланған.

Бұйрықтың мәтінінде Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясын  «Стратегия «Қазақстан-2050»: әлем мідениеті, руханият және бірлік» теген тақырыппен өткізу тапсырылған. 




Яндекс.Метрика