Ұлттың денсаулығы

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында еліміздің бас дәрігері азаматтармен кездесті

Павлодар облысына іс-сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Кайырбекова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесті.
Павлодар19 Наурыз , 15:00

Ведомствода хабарлағандай, аймақ тұрғындарын қызықтырған азаматтығы жоқ және тұрғылықты мекен-жайы бар тұлғаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, экстракорпоралды ұрықтандыруды іске асыруға квота бөлу, сақтандыру медицинасы, шаруашылық басқару есебіндегі кәсіпорын мамандарының жалақыларын арттыру және т.б сұрақтар болды.

Министр азаматтар қойған барлық сұрақтарға толық және егжей-тегжейлі  жауап берді.

ҚР « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі респубика азаматтары мен оралмандарға көрсетіледі. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басқа да мүдделі министрліктермен және мекемелермен бірге Қазақстан аймағында  тұратын шетел азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынатын  заңнамалық реттейтін жұмысты жүргізуде.  ҚР аумағына жақын шетел елдеріндегі азаматтарға жазатайым жағдайда, сырқат кезінде, ауру адамның өміріне қауіп төнгенде, уланғанда, зақымданғанда, босанғанда және жүктілік кезеңіндегі ауыр жағдайда  жедел медициналық көмек тегін және халықаралық келісімдерге сай  көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысына  қосымша 10 %  төлем қосылу қарастырылған, соның ішінде шаруашылық басқару есебіндегі кәсіпорын қызметкерлерлеріне қосылады.

Жыл сайын  экстракорпоралды ұрықтандыруды іске асыруға бөлінетін квота саны көбеюде.  Егер 2014 жылы ЭКҰ бағдарламасына сәйкес республика бойынша 600 циклға  дейін көбейту жоспарланса, 2015 жылы оның саны 750 циклға жетеді деп күтілуде.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына қатысқан азаматтар толықтай, байыпты жауап бергені үшін министрге алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика