Өңірлер

М. Сарыбеков: Қазақстанның оңтүстігі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға белсенді араласуда

Қазақстанның оңтүстігі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға белсенді араласуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университенінің ректоры Махметқали Сарыбеков мәлім етті.
Астана қаласы19 Наурыз , 13:23

«ОҚО қызықты жобалар көп. Олардың бір қатары ғылыми жаңалығы, қажеттілігі мен экономикалық тиімділігі жағынан бірегей жобалар»,- деді М.Сарыбеков.

Өзінің сөзіне дәлел ретінде ол екі мысал келтірді.

«Біздің Жамбыл облысы химиялық индустрия және фосфор өндірісі орталығы болып табылады. Мұнда еліміздің ірі өндіріс ошақтары орналасқан. Ал, олардың кейбіреулері әлем бойынша алдыңғы қатарда, мәселен «ҚазФосфат» АҚ. Бүгінде біздің ғалымдар салмағы жағынан жеңіл, сапасы жағынан жоғары серобетон және газобетон сияқты қызықты құрылыс материалдарын ойлап тапты. Оған сұраныс біздің мемлекетке ғана артып тұрған жоқ», - деп ол атап өтті.

М.Х.Дулати атындағы ТарГУ ректорының екінші мысалы, Мойынқұм ауданының косметикалық заттарды жасау үшін пайдалануға болатын бай өсімдік қоры туралы болды. 

«Мына ағаштын қасынан әрқашан  арам шөп өседі. Ол осы сексеуілдің қасында ғана өседі. Көптеген ғалымдар оны қазақстандық женьшень деп атап кеткен. Тек 20 күнге созылған бір ғана кезең болады, дәл сол уақытта оны тамырымен қазып алып, кептіруге болады. Содан соң одан косметология, фармацевтика саласында пайдалануға болатын ұнтақ жасайды. Сонымен қатар, оны сусабын ретінде де пайдаланады. Бүгінде осы арамшөппен осындай жұмыстар ғалымдар жасауда», - деп ректор  түсіндіріп өтті.

 

 

 




Яндекс.Метрика