Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

15 жылда алғаш рет 2050 Стратегиясы аясында қазақстандықтардың санасында дүниетанымдық сілкініс жасау керек – М.Сарыбеков

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы Қазақстанның мүмкіндіктері туралы айтты.
Астана қаласы19 Наурыз , 13:02

«Мемлекет басшысы 2050 жылға дейінгі Жолдауында Қазақстан жолын нақты белгілеп көрсетті. Бұл жол екі кезеңге бөліп қарастырылады. Алғашқы 15 жылды ол «мүмкіндіктер терезесі» деді. Бұл дегеніңіз, осы 15 жылда Қазақстандағы барлық сала, соның ішінде білім беру саласы да осы мүмкіндікті барынша тиімді пайланады», - дейді ректор.

Оның айтуынша, бүгінде ғылымға көптеп қаражат бөлініп, білім беру жүйесінің дамуына барынша молынан назар аударылуда.

«Өздеріңізге де белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылымға бөлінетін қаражат жалпы ішкі өнімнің 3%-ына дейін артады. Қазірдің өзінде халықаралық академиялық байланыстар құрылып, академиялық мобильділік бағдарламасы іске асырылуда. Ең дамыған деген елдердің өзінде де академиялық мобильдік мемлекеттің көмегімен іске асырылмайды. Ал біздің Елбасы осы мүмкіндікті беріп жатыр», - дейді М.Сарыбеков.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан алдыңғы қатарлы ғалымдарды шақыруға мүмкіндік алып отыр.

«Білім беру жүйесі мен ғылым алдағы 15 жылда барлық мүмкіндік пен әлеуетімізді пайдалануымыз керек. Өзге елдермен тереземіз тең түрде ғылымды игеруіміз керек. 15 жылда алғаш рет 2050 Стратегиясы аясында қазақстандықтардың санасында дүниетанымдық сілкініс жасау керек», - дейді М.Сарыбеков.




Яндекс.Метрика