Ұлттың денсаулығы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Павлодар облысының медицина қызметкерлерімен кездесті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова Павлодар облысының медицина жұртшылығымен кездесуі барысында Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін қандай іс-қимылдар қабылданып жатқандығы туралы хабарлады.
Павлодар19 Наурыз , 13:00

ДСМ-де хабарлағандай, өңірдің медицина қызметкерлерінің алдында сөз сөйлей отырып, Министр биылғы Жолдаудың шеңберінде денсаулық сақтау саласы үшін  медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту және міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу сияқты  басым міндеттердің айқындалғанын атап көрсетті. 

Бұл шаралар халықтың амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Профилактика МСАК ұйымының негізгі қызметі болып табылады.

МСАК  басым дамыту және  бейінді қызметтермен ықпалдастырудың 2014-2020 жылдарға арналған өңірлік жоспары,  жұмыскерлердің денсаулығын нығайту бойынша жұмыс берушінің деңгейінде  денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті іске асыру тетіктері әзірленуде. 

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін  Денсаулық сақтау министрлігінің қадамдық Іс-шаралар жоспары да бекітілді,  ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда.

Денсаулық сақтау министрлігі  жоспарлы түрде Мемлекет Басшысының Жолдауында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыратын болады. 

Сол күні «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Министр азаматтарды қабылдады.  Министр сонымен қатар облыстық диагностикалық орталыққа, ауылдық денсаулық сақтау объектілеріне, Г.Сұлтанов облыстық ауруханаға, қала емханаларына, облыстық туберкулезге  қарсы диспансерге барады, ол жерде қызметтерімен танысып, пациенттермен және денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізеді.  




Яндекс.Метрика