Басқару

Мәжіліс халықаралық көрмелер туралы Тұжырымдаманы мақұлдады

Бүгін Мәжіліс жалпы отырыста «1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы Хаттамаларды және оған 1982 жылғы 24 маусымдағы және 1988 жылғы 31 мамырдағы Түзетулерді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Астана қаласы19 Наурыз , 12:45

«Құжат  ЭКСПО көрмесі мен Халықаралық көрме бюросына  дайындалу және оны өткізуіне дайындық мәселесіне бағытталған. Тұжырымдама біліктілікті құрамына алып, көрмелерді жалғастыруды жүзеге асыра отырып, кедендік тәртіпті  қарастырады. Заң жобасының  қабылдануы республикалық бюджеттен қосымша қаржыны қажет етпейді», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары  Рапиль Жошыбаев.

Айта кетейік, Қазақстан халықаралық  көрме бюросына 1997 жылдың маусымында айтылған болатын.

Конвенцияның жаңа мәтініне сәйкес халықаралық көрмелер әмбебап және мамандандырылған деп бөлінеді. Көрмелердің ұзақтығы алты айдан аспауға тиіс. Конвенцияда көрмені ұйымдастырушыны айқындау тәртібі, сондай-ақ тіркелген көрмелерді ұйымдастырушылардың және қатысушы елдердің міндеттемелері белгіленеді.

Жалпы, Тұжырымдама ресми және халықаралық қабылданған  ресмилікпен жүзеге асады.

 




Яндекс.Метрика