Кедендік одақ

КО пен Израиль еркін сауда аумағын құру болашағын зерттейді

Еуразиялық экономикалық комиссиясының сауда министрі Андрей Слепнев пен Израильдің экономика министрі Нафтали Беннет Иерусалимде Кедендік Одақ пен Израиль Мемлекеті арасындағы еркін сауда туралы келісімнің толыққандылығын зерттеу бойынша зерттеу тобының біріккен жұмысының басталғаны туралы мәлімдеді.
Әлемде19 Наурыз , 12:30

«Зерттеу тобының міндеті – біздің елдеріміздің арасында еркін сауда аумағын құру болашағына жүйелі және терең сараптама жасау. Аталмыш топ бұл жағдайда алдымыздан қандай қиындықтардың шығатынын анықтап, нақты салалар бойынша күрделі мәселелерді қос тарапқа да тиімді шешудің жаң әдістерін қараулары керек. Біріккен зерттеу тобының жұмыс қорытындысы бойынша арнайы есеп пен ұсыныс беріледі. Соның негізінде Кедендік Одақ пен Израиль Мемлекеті арасындағы еркін сауда туралы келіссөздерід бастау туралышешім қабылдануы мүмкін», - дейді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.

Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми порталында хабарланғандай, еркін сауда туралы заманауи келісім сауда-экономикалық әріптестікті одан ары дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Кедендік баж салығын азайту арқылы тауарлармен сауданы либерализациялаудың классикалық мәселелерінен бөлек өзге де дисциплина алдымыздан шығады, атап айтар болсақ сауда қызметтері мәселесі мен өзара инвестициялық қызметтерді жеңілдет шаралары, трансшекаралық тауарлы қызметті дамыту секілді мәселелер.

Айта кету керек, біріккен зерттеу тобы Еуразиялық экономикалық комиссия, Кедендік одақ пен Израиль Мемлекеті ведомствалары мен министрліктерінің сарапшыларынан құралған.

 




Яндекс.Метрика