Кедендік одақ

ЕЭК Кедендік одақтың техрегламенті жобасын бұқаралық талқылауды бастады

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кедендік одақтың (КО) «Электрлі энергияны тұтынатын құралдардың энергетикалық тиімділігіне талаптары туралы», «Балалардың ойын алаңына арналған құралдардың қауіпсіздігі туралы» және «электртехникасын және радиотехника құралдарын жасауда қауіпті элементтерді пайдалануды шектеу туралы» техрегламенті жобасын жария талқылауды бастады.
Әлемде19 Наурыз , 12:00

ЕЭК ресми сайтының хабарлауынша, бұл шешім 2014 жылдың 27-28 ақпан аралығында өткен Техникалық реттеу консультативті комитетінің отырысында КО техрегламентін қарау қорытындысы бойынша қабылданды. 

Техникалық реттеумен көрсетілген жобалар ЕЭК ресми сайтында ғаламтор желісінде бар.

Ережеге сәйкес КО техрегламентін жасақтау, қабылдау, өзгерту немесе мүлдем алып тастау бойынша техникалық жобаларды талқылауға арналған жария талқылаулар олар ЕЭК ресми сайтына орналастырылғаннан кейін  60 күннен кем емес уақытта өтуі тиіс.

Жария тыңдаудың қорытындысы бойынша ұсыныстар есебі мен техникалық регламенттің жетілдірілген жобалары сәйкесінше Жұмыс топтарының отырысында бекітілген тәртіп бойынша қаралатын болады.




Яндекс.Метрика