Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

БҚО прокуратурасы қоршаған ортаға 119,3 млн теңге зиян келтірілгенін анықтады (ВИДЕО)

Прокуратура органдары жүргізген тексеру барысында Зеленов ауданының Январцево ауылдық округінде белгісіз біреулер 816 текше метр көлемінде өнеркәсіптік қалдықтарды заңсыз жинауды жүзеге асырғаны анықталды.
Батыс Қазақстан 23 Желтоксан, 00:00

Келтірілген залалды анықтау мақсатында облыс прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті есептеу жүргізіп, 119,3 млн. теңгенің өнеркәсіптік қалдықтары заңсыз орналастырылғаны белгілі болды.

Кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында өнеркәсіптік қалдықтардың айналымы саласында жұмыс жасайтын субъектілердің қызметі тексерілуде.

Облыстық прокуратура қоршаған ортаны ластау нәтижесінде ірі залал келтірілген, қауіпті химиялық заттарды көму барысында экологиялық талаптарды бұзу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 278-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.





Яндекс.Метрика