Ұлттың денсаулығы

Астана қаласының ауруханасы «Қазақстан жасасын!» орденімен және «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификатымен марапатталды

Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан және Белорусь елдері экономикасының көшбасшы кәсіпорындардың XIV халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификатымен және «Қазақстан жасасын!» орденімен марапатталды.
Астана қаласы19 Наурыз , 11:45

Қала әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, Қазақстанның шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізімін статистикалық саралау нәтижесінде, осы марапаттар ресми статистикалық деректерге сәйкес, кәсіпорын «Сала көшбасшысы» құрметті атағына лайық болып танылғанын және «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері» аталымындағы «алтын рейтингке» кіргенін растайды.

Сондай-ақ №1 қалалық аурухананың ең жақсы қызметкерлеріне «Жыл маманы» ресми ұлттық сертификаты және еңбек қызметіндегі «Тиімділік үшін» төсбелгісі табысталды.

 




Яндекс.Метрика