Өңірлер

ҚР Ұлттық банкі 2014 жылғы республикалық бюджетке енген өзгерістерді қолдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Ұлттық банк ағымдағы жылғы республикалық бюджетке енген өзгерістерді қолдады.
Астана қаласы19 Наурыз , 11:30

«Ұлттық банк 2014 жылғы бюджетке енген өзгерістерді қолдайды. Өз уақытындағы қайта қарау үрдісі мемлекеттік қаржы төңірегіндегі мәселелерді қарап тыңғылықты шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға өз септігін тигізеді», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қ. Келімбетов.

Оған қоса, Қ. Келімбетовтың айтуынша Ұлттық банктің негізгі мақсаты болып елдегі бағаның тұрақтылығы есептеледі. Сондай-ақ, жылдық инфляцияны 6-8 пайыз көрсеткішінде сақтап тұру.

2014 жылдың қаңтар айының соңында жылдық инфляция бағасы 4,5 пайызды құраған болатын, 2013 жылы – 4,8 пайыз, 2012 жылы – 6 пайыз.

Оған қоса, Ұлттық банк төрағасы тапсырмаларды тиімді шешіу үшін  Үкімет пен Ұлттық банк алдында 2014 жылдың 1 мамырына дейін шаралар кешені дайындау қарастыруда, ол инфляцияны 3-4 пайызға дейін түсүруге бағытталады.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламент Мәжілісі «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке» енген өзгерістерді мақұлдады.

 

 




Яндекс.Метрика