Өңірлер

Жолдаудың сәтті іске асырылуы барлығымыздың қолымызда – Алматы облысының прокуроры Г.Миразов

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру прокуратура қызметкерлерінің кәсібиліктерін арттыруды, олардың ізгіліктерін арттыруды және міндеттеріне деген жауапкершілікті өсіруді талап етеді, дейді Алматы облысы прокуроры Г.Миразов.
Алматы19 Наурыз , 14:25

«Жолдауда айтылған көптеген мәселелер, пркуратура қызметімн байланысты мейлі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, агроөнеркәсіптік кешен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасы заңының сақталуын қаматамасыз етіп, мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайды», - дейді Г.Мирзаков.

Оның айтуынша, прокуратура органдарына кәсіпкерлердің құқын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту тапсырмасы берілген. Осы орайда облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлік құрылымдар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, негізсіз араласудан қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің құқын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

«Құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі азаматтардың қауіпсіздігі мен құқының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ең ұсақ деген заң бұзушылықың өзіне тиісті шара қолданып, қоғамда заңды белшесінен басуғ деген азаматтардың төзімсіздігін қалыптастыруға үлес қосулары керек», - дейді прокурор.

Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында құқықтық қоғам құрып, демократиян дамытып, заңның салтанат құрып келе жатқаны анық.

 

 




Яндекс.Метрика