Өңірлер

Мәжіліс «ҚР-ның 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заңға енген өзгертулерді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына түзетулерді мақұлдады.
Астана қаласы19 Наурыз , 11:02

«2014 жылы әлем экономикасы 3,7% деңгейінде өседі деп күтілуде. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша 2014 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррелі үшін 105,1 АҚШ долл. деңгейінде болады. Доллар бағамының күшеюіне байланысты 2014 жылға арналған болжамды қайта нақтылау барысында орташа жылдық бағам 95 АҚШ долл. деңгейінде ұрақтайды деп анықталды. Бұған дейін мұнайдың баррелі үшін 90 АҚШ долл. салынған еді», - деп ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Жалпы, оның айтуынша ағымдағы жылы Қазақстан экономикасының өсімінің негізгі факторы ішкі сұраныстың артуы және сыртқы экспорт жағдайының жақсаруы болады.

Сонымен қатар, Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»  заңға түзетуді  мақұлдады.

«Заң жобасына өзгеріс АҚШ доллары бағамының 185 теңгеге дейін түзетілуіне байланысты енгізіледі. Ұлттық қордан 2014 жылға бекітілген кепілдендірілген трансферт мөлшері 100 млрд.теңгеге ұлғайып, 1 480 млрд. теңгені құрайды» - деп Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиев атап өтті.

 

 




Яндекс.Метрика