Парламент

Мәжіліс бірінші оқылымда әлеуметтік қамсыздандыру бойынша заң жобасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлы отырыста «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Астана қаласы19 Наурыз , 10:35

«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап белгіленген жыл басынан бері көтерілген адамдарға базалық зейнетақы төлемін 12%, еңбек зейнетақысын 14%,  көтеру қарастырылған. Осы орайда «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап 39-тен 41 АЕК-ке дейінгі зейнетақы есебі үшін қолданылатын табыс көлемін арттыру түріндегі өзгерістер енгізіледі. Бұл өз кезегінде  бұрындағы зейнетке шыққан адамдардың зейнетақысымен биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетке шығатын адамдардың зейнетақы көлемін теңестіруге мүмкіндік береді», - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, аталмыш шаралар базалық зейнетақы көлемін 10 450 теңгеге, ал еңбек зейнетақысының орташа көлемін 46 661 теңгеге дейін арттырмақ.

Жалпы, қазіргі таңда еліміздегі зейнеткерлер саны 1,9 млн адамды құрайды. Зейнетақыын көтеру үшін қажетті қосымша қаражат 40,5 млрд теңгені құрайды.

Заң жобасының тағы бір өзгерісі мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайына қатысты мемлекеттік жәрдемақыға тиесілі.

Заң жобасы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының клдексі мен әлеуметтік қамсыздандыру мен азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.




Яндекс.Метрика