Адами капитал

Қазақстандық қоғам өз уақытын Жолдаумен салыстырады – К. Цхай

Қазақстан халқы Елбасының жыл сайынғы жолдауында қойылған мәселелерді шешу үшін нақты жұмыстар атқаруда. Биылғы жолдау да назардан тыс қалған жоқ.Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажет барлық негізгі бағыттарды қамтыған «Қазақстан 2050» жолдауында Елбасы, нақты идеяларды атап көрсеткен, бұл туралы Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ департамент директоры Константин Цхай мәлімдеді.
Ақтөбе20 Наурыз , 16:00

«Олардың орындалуы үшін бірнеше сатыдан тұратын жоспар құрылған.Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда еліміз өте тиімді бағытты таңдап отыр. Бұл өз кезегінде шикізатты экспорттау үшін жәнеп экономиканың қарқынды дамуы үшін тиімді. Бұл үшін шет елдерден инвестиция тарту мақсаты қойылып отыр. Біріншіден, бұл жаңа технологиялар мен ғылыми білімді жоғарылату үшін маңызды. Яғни, біз экологиялық жағынан қарағанда өте тиімді болып келетін шет елдіктердің тәжірибесін пайдалануымыз керек. Шағын және орта бизнестің, сонымен қатар ауыл шаруашылығының өркендеуіне кедергі болып тұрған мәселелерді шешу қолға алынды.Бұл жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді 4,5 есе өсіруге септігін тигізеді», - деді К. Цхай.

Оның айтуынша, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы экономиканың ғылыми тұрғыдан жаңаруы болғаннан кейін, дайындалып жатқан мамандардың да біліктілігі аса жоғары болу керектігін жақсы түсінеді. Сапалы білім мемлекет экономикасының негізі болу керек. Бұл үшін біздің университетте ғылыми оқыту кешендері құрылған. Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен бірігіп металл өндірушілерді дайындау және т.б.

«Әр елде жауапты сәтте мемлекеттегі халықты біріктіретін ұлттық идея болуы керек. Елбасының айтуынша бұл идея қазақ халқының негізгі құндылықтары көрсетілген «Мәңгілік ел» атты жаңа патриоттық актіде жазылған.Елбасы Ақтөбені білім, ғылым, медицина жағынан дамыған төрт қаланың қатарында екенін айтты. Біз бұл үшін өте қуаныштымыз», - деді ол.

Президентіміздің «Қазақстан 2050» стратегиясының орындалуы үшін құрған жоспары ғылыми тұрғыдан алып қарағанда нақты, анық және жақсы ойластырылған. Бұл стратегияда қойылған мақсаттар орындалған жағдайда Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарына қосылады, деп атап өтті ол.

«Біз бостандық, бірлік, бірқалыпты даму сияқты Қазақстанның негізгі құндылықтарынсақтау үшін аянбай, күш-жігерімізді толықтай жұмсап еңбек етеміз», - деді ол.




Яндекс.Метрика