Білім беру

Ақмола облысында «Балапан» бағдарламасы бойынша 270 мектепке дейінгі мекеме ашылды

Облыс әкімдігінде Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен аппаратық кеңес өтті. Жиында «Балапан» бағдарламасының орындалуы сөз болды.
Ақмола 19 Наурыз, 09:45

Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы  Балым Ізбасарова есеп берді. Жалпы 2010-2013 жылдар аралығында «Балапан» бағдарламасы аясында  облыста 15988 орынға 270 мектепке дейінгі ұйым құрылып, 14 бала-бақша алынды. 

Оның ішінде 22 бала-бақша білім бөлімдерінің балансына қайтарылды және қайта қалпына келтірілді, 30  жеке меншік бала -бақша ашылды; мектеп жанынан 204 шағын орталық құрылды. Осылайша Ақмола облысында  бүгінгі күні 522  мектепке дейінгі  ұйым жұмыс істейді, оған 31280 бала барып жүр, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Облыста мемлекеттік -жеке  меншік серіктестігін дамытуға ерекше көңіл бөлінген  37 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 3797 бала тәрбиеленуде. Жиында облыс әкімі, биыл құрылысы басталатын 28 нысанның уақытылы тапсырылуын барлық жауапты басқарма басшылары қадағалау қажет ,-деді.

 Мерзімінен кешіккен әрбір нысанға жауапты әкімдер мен басқарма басшылары қатаң жазаланатынын ескертті. Сондай-ақ жиын барысында облыс әкімі, Көкшетауда мемлекеттік жеке серіктестікті дамытып,  бұл бағытта жұмыстарды жандандыру қажет деп тапсырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика