Өңірлер

Қазақстандық велосипедтер Швейцарияда сатылатын болады - KAZNEX INVEST

Қазақстанда өндірілетін велосипедтер Швйцарияның нарығында сатылуға түсетін болады. «NOMAD» отандық бренді бар алматылық «MERIDA-KZ» компаниясы велосипедтердің сынамалық партиясын Санлежье қаласына жолдады.
Әлемде19 Наурыз , 09:30

Kaznex Invest қолдауымен кәсіпорын «VELO-PASSION SARL» мамандандырылған велодүкенімен «NOMAD» велосипедтерін сатуды Швейцария аумағында ілгерілету және дамыту туралы келісімге қол жеткізді, деп агенттікте хабарлады.

Еуропалық тарап өнімнің алдын-ала техникалық тексерістердің нәтижелері бойынша «NOMAD» велосипедтері компоненттер мен құрастыру сапасы тұрғысынан еуропалық нарықтың талаптарына сәйкес екендігін растады.

«Неге Швейцария? Бұл елдің халқы 7,7 млн адамды құрайды, сонымен қатар велосипедтердің саны 4 миллионға жетеді! Бұл — велосипедтер елі, бұл — өмір салты. 1998 жылы Швейцарияда ұлттық велосипедтік бағыттар желісі түріндегі «Veloland Schweiz» жобасы басталды. Кейбір қалаларда велосипедті кепілзат беріп, тегін жалдауға болатын бағдарлама жұмыс істейді. Сондықтан біз үшін, өндіруші ретінде, Швейцарияның нарығына шығу өнімнің сапа деңгейін көрсету үшін және сатылымның жаңа деңгейіне шығу үшін өте жақсы мүмкіндік болып табылады», -  деп «MERIDA-KZ» директоры Марат Ақынғазиев түсінік беріп өтті.

Велосипедтерді шығаратын Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз қазақстандық өндіруші үшін бұл – экспортқа шығудың алғашқы талпыныстары. Kaznex Invest қолдауымен таяу елдердің – Ресейдің, Тәжікстанның және Ауғанстанның – нарықтарын игеру алдағы жоспарларда бар.

 

 

 




Яндекс.Метрика