Өңірлер

Қызылордада спорт кешені, аурухана және медресе салынады

Қызылорда облысында өткен сәулет-қала құрылысы кеңесінде айтылды. Жиында ауыр атлетикаға арналған спорт кешені, көпсалалы аурухана және медресе салынатындығы туралы айтылды.
Қызылорда19 Наурыз , 09:15

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, сыр өңірінде ауыр атлетика жақсы дамып келеді. Кешен құрылысы аяқталса, Қызылордада талантты зілтеміршілердің қатары артатыны анық. Спорттық нысан Е.Демесінов пен Ш.Есенов көшелерінің қиылысында орналасады. Екі қабатты ғимараттың сыртқы келбеті қалайыдан жасалған ақ және ашық қоңыр түсті фасадтық кассеталармен, ал ірге тасы қоңыр түсті мәрмәр плиткалармен қапталады.

Жалпы, мұнда 3 жаттығу және сайыс өткізуге арналған бір зал болады. Емдеу-сауықтыру орталығы да бар. Жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлінді. Алдын ала есеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 952,4 млн. теңге қажет.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері облыс орталығында салынатын 300 төсек орынға арналған көпсалалы аурухана құрылысының эскиздік жобасы  бірауыздан мақұлдады.

Сыр өңірінде медерессе мәселесі шешілетін күн алыс емес.  Кеңесте «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің аумағынан 50 орынға арналған білім жетілдіру медресесінің жобасы талқыланды. Екі бөліктен тұратын білім жетілдіру орталығының құрылысы жақын арада басталады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика