Инфрақұрылымның дамуы

Көкшетауда инвесторлар ЖЭС салуға ниетті

Шетелдік инвесторлар Көкшетау қаласында ЖЭС құрылысын жүргізуге қызығушылық танытуда. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың «British ekopawer» компаниясының өкілімен кездесу барысында белгілі болды.
Ақмола19 Наурыз , 09:00

Кездесу барысында тараптар ағымдағы жағдайлардың барлығын талқылады. Инвесторлар жобамен танысып оны жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Ал, аймақ басшысы ынтымақтастық орнатуға өз ұсыныстарын берген компанияға қолдау көрсетуді уәде етті.

Облыс орталығында жылу электр станциясының құрылысын жүргізу проблемасы осымен 5 жыл қатарынан шешілмей келеді. Қазіргі таңда Көкшетауда 1977 жылы және 1988 жылы салынған қазандықтар жұмыс істейді. Болжам бойынша қала тұрғыны 144 мың адамнан 185 мың адамға жетеді деп күтілуде. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Сондықтанда аталмыш  проблема өз шешімін күттірер емес.

Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда ЖЭС техникалық экономикалық негізі жасалып қойған. Кездесу соңында аймақ басшысы Қосман Айтмұхаметов жұмыс комиссиясын құрып, оларға ЖЭС жобасының бүге-шүгесімен шетелдік инвесторларды таныстыруды тапсырды.  Өз кезегінде инвесторлар жақын арада тағыда Көкшетауға келіп, өздерін толғандырған барлық сұрақтарды талқылауға ұсыныс білдірді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика